Мұздағы қауіпсіздік! » Аралтөбе орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданыбойынша білім бөлімінің
"Аралтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72-773) 54-0-69
Есепші бөлімі:
+7(72-773) 95-0-48
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұздағы қауіпсіздік!
04
январь
2023

Мұздағы қауіпсіздік!

Мұздағы қауіпсіздік!
Қатпаған жұқа мұз үстіне жалғыз да, топ адамболып та шықпаңыздар. Ойықтарға, жарылғанмұзды жерлерге жақындамаңыздар. Шанамен, шаңғымен тік жарлы жерлерден өтпеңіздер. Мұзайдынына қараңғы уақытта шықпаңыздар.
Мұз айдынынан өтудің тәртібі.
Мұздың қалыңдығы сенімсіз болған жағдайда, үстімен абайлап өткен дұрыс, қадамыңыздыжылжып басып, табаныңызбен аяғыңызды толықбасып, жағдайдың өзгерісіне дайынболғандарыңыз маңызды. Қырлы жерлерде, қауіпті орындарда шаңғымен жүргенде шаңғыбекіткіштерін шешіп, шаңғыдан тез арада босауқажет. Өйткені, шаңғы мұзға деген қысымыназайтады және екі қолыңызды да шаңғытаяқтарының бауларынан босатуыңыз қажет. Топ адамдар мұз үстінде болған жағдайда, тізбекпенжүріп, арақашықтықтары 5-6 метр болғаныдұрыс. Бірінші болып топтың арасындағыдайындығы бар, тәжірибесі мол адам жүргеніқажет. Ол міндетті түрде ұзын арқанменқауіпсізденіп, құтқару жилетін киюі керек. Ақырын жүрсеңіз мұз аз жарылады (мұзайдынында секірмеңіз, жүгірмеңіз). Мұздыңжарылған дыбыстары, мұз келбетінің өзгеруінен, судың мұз бетіне шығуынан анықтауға болады. Аяғыңыздың астында мұз жарылса бірденәбігерге түспеңіз, шыдамдылық танытыңыз, мұзжарылған жағдайда үстіңізде рюкзак болса, босаныңыз, қолыңызды екі жаққа бағыттап, кеудеңізбен мұз үстіне жатып алып, аяғыңыздыжан-жаққа жіберіңіз. Егер де сіз мұз жарылыпсуға түсіп кетсеңіз, онда үстіңіздегі ауырзаттарды лақтырып тастап, қалың мұзға шығуқажет. Бірінші мұздың бетіне бір аяғыңызды, сосын екінші аяғыңызды шығарып алыңыз да, ойықтан ара қашыққа аунап кетіңіз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!