Қаңтардағы қайғылы оқиғаға » Аралтөбе орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданыбойынша білім бөлімінің
"Аралтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72-773) 54-0-69
Есепші бөлімі:
+7(72-773) 95-0-48
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қаңтардағы қайғылы оқиғаға
05
январь
2023

Қаңтардағы қайғылы оқиғаға

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының қаңтар оқиғасына қатысты сауалына ҚР Бас прокуроры Берік Асылов пен ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жауап берді. Қаңтардағы қайғылы оқиғаға байланысты бір минут үнсіздікпен басталған Мәжіліс отырысында құқық қорғау органдарының басшылары тарапынан айтылған тың деректер мен нақты фактілер қаңтардағы оқиғаның алдын-ала жоспарланған, бейбіт халықты қалқан етіп, аңғал жастарды адастыруға тырысқан, қандай да жолмен билікті басып алуға бағытталған, ел тәуелсіздігіне қатер төндірген іс-әрекет екенін дәлелдейді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың осындай сын сағатта қабылдаған батыл шешімдері мен халыққа рух берген үндеулері мемлекетті бұрын-соңды болмаған қиындықтан алып шықты, егеменді еліміздің тәуелсіздігі сақталды.

Бүгінде Жаңа Қазақстанда әділетті қоғам орнату жолындағы елімізді өркендетуге бағытталған түрлі оң саяси өзгерістер орын алып келеді. Ел бірлігімен, әр азаматтың жауапкершілігімен, еселі еңбегімен келетін жарқын болашақ – біздің қолымызда!